Көпшілік офретаның шарты
Бұл пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – «Пайдаланушылық келісім») мыналар: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі 247.мекенжайы бойынша тіркелген, ИИН910306300122, ЖК “Ардаширов К.М.” (бұдан әрі – «Компания»), өзінің сайтында (бұдан әрі – «Сервис Сайтында») онлайн қызмет ұсынатын ЖК “Ардаширов К.М.” және Компания құрастырған Сервис Сайтының қызметін ПАЙДАЛАНУШЫ (бұдан әрі – «Пайдаланушы») арасында жасалған.
1. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Осы Пайдаланушылық келісімнің мақсаты үшін төменде келтірілген терминдері келесі мағыналарды білдіреді (әліпби ретімен): 1.1. «Аккаунт» – тіркелген Пайдаланушы туралы дербес және өзге де деректер жиынтығын білдіреді, ол бағдарламалық жасақтамада және/немесе Компания жүйесінде сақталады және Пайдаланушыны оның қолжеткізуді ұсыну мақсатында сәйкестендірілу үшін және/немесе Сайттың Материалдарын орналастыру мен түсінік беру үшін техникалық мүмкіндік жасауды білдіреді. Аккаунтты Пайдаланушы Сайтта тіркелу кезінде құрады.
1.2. «Үлкен деректер» – Пайдаланушымен ұсынылатын, көрсетілетін және енгізілетін барлық кез келген деректер (оның ішінде иесіздендірілген деректерді), сондай-ақ Пайдаланушы Сайт Сервисінің қызметтерін қолдану барысында Компанияның тікелей немесе жанама алатын өзге де деректерді білдіреді.
1.3. «Компания» – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі 247.мекенжайы бойынша тіркелген, ИИН910306300122, ЖК “Ардаширов К.М.” Сайтының толық құқықты меншік иесі және әкімшісі, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші және Сайт Сервисінің қызметін көрсететін тұлға болып табылатынын білдіреді.
1.4. «Жеке кабинет» – Сайтта тіркелген Пайдаланушының Дербес деректерін, баптауларын және өзге де қажетті ақпаратты сақтайтын құралын білдіреді.
1.5. «Сайт материалдары» – Сайт мазмұнын және Сайттың дизайн элементтері, суреттер, графикалық бейнелер, фотосуреттер, мұқабалар, скриптер, мәтіндер мен мәтіндік туындылар, пайдаланушы интерфейстері, бейнематериалдар, музыка, дауыстар, деректер базасын қамтитын және/немесе құқығы Компанияға тиесілі зияткерлік қызмет нысандарының нәтижесі болып табылатын кез келген ақпараттық, талдамалық, техникалық және өзге де материалдарды білдіреді.
1.6. «Дербес деректер» – Пайдаланушы жайлы (тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы, мекенжайы, электрондық поштасы, қол жеткізудің тіркелгі деректері: логині/лақап атты және басқа да мәліметтер), Қазақстан Республикасының заңнамасында қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің санатына жатқызылған мәліметтерді білдіреді. Бұл ретте, Компания Пайдаланушының құпиясөзін сақтамайды, себебі құпиясөз шифрланған түрде сақталады және Компанияның оған қолжеткізу мүмкіндігі жоқ. Қолданушы құпиясөзге және оны сақтауға тек дербес өзі ғана жауапты болады.
1.7. «Пайдаланушы» – Сайтта тиісті түрде тіркелу Процедурасынан өткен кез келген жеке тұлғаны (оның ішінде жеке кәсіпкерді) немесе заңды тұлғаны білдіреді.
1.8. «Тіркелу Процедурасы» – Пайдаланушының электрондық поштаны (имейлді) енгізумен және логин мен құпия сөзді құру арқылы Аккаунтты құруын білдіреді.
1.9. «Сайт» – Компания әзірлеген бөлімдерден, веб-беттерден, бағдарламалық құралдардан, деректер базасынан, контент және т. б. тұратын Компанияның вебсайтын білдіреді. Сайт, сондай-ақ Сайттың мобильді нұсқасын да білдіреді.
1.10. «Сайт Сервисі» – Компанияның Пайдаланушыға онлайн қызметтер ұсынатынын білдіреді және ол мыналарды қамтиды: прайс-парақ/мәзір және олар үшін QR кодтарды генерациялау бойынша қызмет көрсету/сервис құрастыру мүмкіндігін беретінін білдіреді. Қызметтер көрсету/сервисі Пайдаланушы Жеке кабинеті арқылы өз бетінше прайс-парағымен/мәзірді басқаруды, позицияларды, сипаттамаларды фотосуреттері және т.б. қосуды Пайдаланушы таңдаған Тарифке байланысты жүзеге асырады. Әрбір Тариф Компания Сайтында егжей-тегжейлі көрсетілген: kamiqr.kz. Сондай-ақ Сайт Сервисі өзіне қоса орнатылған талдауды және өзге, мысалы, Facebook, Google, Yandex және т.б. сервистерді қадағалау пикселін бекітуге мүмкіндікті қамтиды. Таңдалған Тарифке байланысты, Пайдаланушы өзінің Жеке кабинетінде және/немесе таңдалған электрондық поштада (имейл/email) онлайнтапсырыстар қабылдауға мүмкіндік алады.
1.11. «Тариф» – Сайттың Сервисі бойынша Компания қызметтерінің құнын білдіреді, оны Пайданушы Компанияның Сайтынан өзі таңдайды.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Пайдаланушылық келісім Сайттың Сервисін пайдалану шарттарын айқындайды, және бұл Пайдаланушы мен Компанияның барлық өзара қарым-қатынасы, осы Пайдаланушы келісімінің аясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетіндігімен Пайдаланушы келісетінін білдіреді.
2.2. Сайт Сервисінің бұл қызметтерін пайдалану өтеулі болып табылатынын, яғни Компанияның Тарифтеріне сәйкес ақылы екендігімен Пайдаланушы келіседі және қабылдайды. Қазіргі уақытта Компания Эконом Тарифін, Тиімді Тарифті, Сыйлық Тарифін ұсынады. Көрсетілген Тарифтермен егжей-тегжейлі танысу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: kamiqr.kz.
2.3. Сайттың Материалдарына рұқсат алуымен, Пайдаланушы осы Пайдаланушылық келісімге қосылған болып есептеледі.
2.4. Осы Пайдаланушылық келісімді құптаумен, Пайдаланушы өзінің Дербес деректерін өңдеуге және сақтауға өзінің келісімін береді.
3. КЕЛІСІМ МӘНІ
3.1. Осы Пайдаланушылық келісімнің мәні, Сайт Сервисі бойынша Компанияның қызметтерді ұсынуы болып табылады. Пайдаланушы өзіндік тиісті деректерін оның көмегімен таңдау және енгізу жасағаннан кейін оның Сайтында деректердің цифрлық, визуалдық, графикалық, мәтіндік және/немесе өзге де вариациялары автоматты түрде пайда болады.
3.2. Пайдаланушы Сайт Сервисін Компанияның «бұлтты» түрдегі бағдарламаны әзірленгенін қабылдайды және келіседі, ол дербес компьютерлер, ұялы телефондар немесе өзге де техникалық құрылғыларға арнайы қосымшаларды жүктеуді немесе жүктемелеуді талап етпейді. Осылайша, Сайт Сервисін пайдалану тек онлайн нұсқасында ғана жүзеге асырылады.
4. САЙТ СЕРВИСІН ПАЙДАЛАНУ
4.1. Компанияның Сайт Сервисінің қызметін ұсыну, Пайдаланушының тіркелу Процедурасы толық аяқтағаннан кейін ғана басталады.
4.2. Тіркелу Процедурасы аяқтағаннан кейін Пайдаланушыға тек өзіне ғана тиесілі бірегей Аккаунт және Жеке кабинетіне қолжеткізу мүмкіндігі беріледі.
4.3. Пайдаланушыға парольмен кіруге қол жеткізумен бірге берілетін Сайтты пайдалану бойынша құқығы оған ажырағысыз болып табылады, және қандай да бір басқа тұлғаға бірге парольмен кіру берілуі мүмкін емес.
4.4. Сайтттың дизайн, макет, логотип, сыртқы түрі, рейтинг, мәтіндері, мақалалар және кез келген өзге де Сайтта орналасқан ақпаратты қоса алғанда, барлық Материалдар, авторлық құқықпен қорғалады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және зияткерлік меншік пен авторлық құқықтарына сәйкес өзге де нормативтік актілермен қорғалады.
4.5. Пайдаланушы өз бетімен, тәуелсіз, өз еркімен және өз мүддесіне қарай Дербес деректерін және өзінің жеке ақпаратын ұсыну туралы шешім қабылдайды және оны өңдеуге өзінің келісімін береді. Сайт Сервисінің қызметтерін пайдалану, Пайдаланушының Дербес деректерін және өзге де дербес ақпаратты өңдеу талаптарымен Пайдаланушының сөзсіз келісетінін білдіреді.
4.6. Пайдаланушы өзі туралы тек ең шынайы және нақты дербес және өзге де ақпаратты ғана беруге және оны актуальды күйде ұстауға міндеттенеді. Компания Пайдаланушының әрекет қабілеттілігін бағалай алмайды және оларға ұсынылатын дербес және өзге де ақпараттың дұрыстығын да тексере алмайды. Компания Пайдаланушымен ұсынылатын ақпараттың сенімділігіне ешқандай түрде және ешқандай дәрежеде жауапты болмайды. Бұл талап тек Пайдаланушыға жүктеледі.
4.7. Компания Пайдаланушы қызметінің заңдылығына ешқандай түрде және ешқандай дәрежеде жауапты болмайды. Осымен, Компанияның ешқандай түрде және ешқандай дәрежеде Пайдаланушының қызметін немесе Пайдаланушының өзін тексеруге міндетті еместігін қабылдайды және келіседі. Осыған байланысты Пайдаланушы өз қызметінің және үшінші тұлғаларға берілетін ақпараттың заңдылығына тек дербес өзі ғана жауапты болады. Пайдаланушы өзінің қызметі, сондай-ақ Сайт Сервисінің кызметтерін пайдалануға байланысты ниеттері және мақсаттары тек заңды және кез келген елдің заңдарына, атап айтқанда Сайт Сервисінің қызмет көрсету нәтижелерін пайдаланатын елдердің аумағында, сондай-ақ оның азаматтығы тіркелген/ резиденттілігі тіркелген болып табылатын елдің заңдарына қайшы келмейтінін растайды.
4.8. Қолданушы қадағалау пикселі скрипт (атқарылатын код) болып табылатынын түсінеді. Егер Пайдаланушының қадағалау пикселіне өз бетімен қолжеткізу мүмкіндігі бар болса, егер Пайдаланушы қандай да бір зиянды скрипті енгізсе/көрсетсе және/немесе қандай да бір зиянды скриптің туындауына бастамашылық етесе, онда Пайдаланушы Компания ешқандай түрде және ешқандай дәрежеде Пайдаланушының алдында да, үшінші тұлғалардың алдында жауапты болмайтынын қабылдайды және осымен растайды. Мұндай зиянды скриптің, сондай-ақ зиянды скриптіні енгізуге байланысты барлық және кез келген салдарларының пайда болуы, тек қана Пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады. Пайдаланушының және/немесе үшінші тұлғалардың зиянды скриптімен байланысты барлық және кез келген шығындары, залалдары, зияндары, қапы кеткен табыстары, тек ғана Пайдаланушымен өтеледі.
4.9. Компания Пайдаланушыны сәйкестендіру мақсаттарында, Аккаунт құру және оған Сайтында Жеке кабинетін ұсыну үшін Пайдаланушының Дербес деректерін және өзге де жеке ақпараттарды өңдейді; Пайдаланушымен байланыс үшін, оның ішінде Сервис Сайтының қызметін ұсынуға, Пайдаланушының сауалдары мен өтінімдерін өңдеуге қатысты хабарламалар, сұрау салулар, және ақпаратты көрсету; жарнамалық материалдарға мақсатты іріктеу жүргізеді.
4.10. Компанияның Үлкен деректерді өңдеу, талдау және қолдану құқықтары бар екендігімен Пайдаланушы келіседі.
5. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Пайдаланушының құқықтары:
5.1.1. Компания Сайт Сервисінің қызмет көрсетуін жүзеге асыруына сәйкес Тарифті өз бетінше таңдауына болады. Қазіргі уақытта Компания Эконом Тарифін, Тиімді Тарифті және Сыйлық Тарифін ұсынады. Көрсетілген Тарифтермен егжей-тегжейлі танысу үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз: kamiqr.kz.
5.1.2. Өз бетінше логин таңдау (бірегей символдық ат), ол еркін қолжетімділікте (басқа пайдаланушымен иеленбеген) және Аккаунт пен Жеке кабинетке қолжеткізуге арналған құпиясөзі болады;
5.1.3. Аккаунт пен Жеке кабинетке қолжеткізудің логины мен құпиясөзін алмастыра алады;
5.1.4. Аккаунтты және Жеке кабинетті жою/жоюға сұрау салу құқықтары болады.
5.2. Пайдаланушының міндеттері:
5.2.1. Сайтта тіркелу Процедурасынан өту кезінде өзі туралы дұрыс және толық ақпаратты беруге әрі бұл ақпаратты актуальды жай-күйде ұстауға;
5.2.2. Өз паролінің қауіпсіздігі мен оның құпиялылығына дербес жауапкершілікті қамтамасыз ету, яғни Аккаунты мен Жеке кабинетіне кіру үшін өз логині мен паролін құпия сақтауға;
5.2.3. Сайтта келтірілген ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес таңдалған Тарифбойынша Сайт Сервисі қызметтерінің ақысын төлеуге;
5.2.4. Үшінші тұлға алдындағы жауапкершілікті қоса алғанда, ұсынылатын ақпараттың мазмұнының сәйкестігі үшін қолданыстағы заңнама талаптарына дербес жауапкершілікте болуға; Егер оның орналастырылуы немесе мазмұны үшінші тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, соның ішінде автордың жеке мүліктік емес құқықтарын, өзге де зияткерлік құқықтарын және(немесе) өзіне тиесілі материалдық емес игіліктерге қол сұғушылық болған жағдайда;
5.2.5. Пайдаланушының Аккаунты мен Жеке кабинетін пайдалана отырып Сайтқа кез келген рұқсат етілмей кіру болған жағдайда, ол туралы және/немесе өз паролінің құпиялылығы кез келген бұзылуы болған жағдайда (бұзылғаны туралы күдік болса) Компанияға дереу хабарлауға міндетті.
5.2.6. Осы Пайдаланушылық келісімде көзделген және/немесе Сайттың беттерінде орналастырылған өзге де талаптарды сақтауға және өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
6. КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 6.1 Компанияның құқықтары:
6.1.1 Пайдаланушыны қандай да болсын арнайы хабардар етпей-ақ, кез келген уақытта Пайдаланушылық келісімнің, сондай-ақ барлық оның ажырамас бөліктерінің шарттары мен ережелерін өзгертуге/толықтыруға. Пайдаланушылық келісімнің жаңа редакциясы және/немесе барлық оның ажырамас бөліктері, Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, егер Компания оларды жариялағанда өзгерістердің күшіне енуіне өзге мерзімді белгілемесе. Бұл ретте, егер осы Пайдаланушылық келісімге өзгертулер/толықтырулар жарияланғаннан кейін Пайдаланушы Сайттың Сервисін пайдалануды жалғастырған болса, онда бұл Пайдаланушы мұндай өзгертулерді/толықтыруларды сөзсіз қабылдады дегенді білдіреді.
6.1.2 Егер тіркеу Процедурасынан өту кезінде, қандай да бір элементтер немесе Пайдаланушы ұсынатын ақпарат Компанияға жалған, дәл емес, жаңылыстыратын, немесе өзге де түрде күдікті болып көрінсе, онда Компания өз қалауы бойынша тіркеуден бас тартуға, бұғаттауға немесе Пайдаланушының Аккаунты мен Жеке кабинетін жоюға құқығы бар.
6.1.3 Пайдаланушыдан тіркеу кезінде көрсетілген деректерді растауды кез келген уақытта талап етуге және осыған байланысты растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
6.1.4 Сайтты пайдалану ережелері сияқты Сайттағы тәртіп ережелерін де анықтау және Пайдаланушылардан олардың орындалуын талап ету құқығын өзіне қалдырады.
6.1.5 Кез келген уақытта Сайттың қызметін тоқтата тұруға немесе толықтай доғаруға да құқылы.
6.1.6 Пайдаланушыларға ақпараттық хабарламалар жолдауға. Сайтқа тіркеле отырып, тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына және/немесе абоненттік ұялы байланыс нөміріне ақпараттық хабарламаларды алуға Пайдаланушы келіседі.
6.2 Компанияның міндеттері:
6.2.1 Осы Пайдаланушылық келісімде сипатталғандай және/немесе Компания Сайтының Сервисі бойынша, Пайдаланушы таңдап алған Тариф бойынша ақысын төлеген соң Пайдаланушыға Сайттың Сервисі бойынша келесі сілтеме бойынша қызмет көрсетуге: kamiqr.kz.
6.2.2 Пайдаланушыға жұмыс уақытында Пайдаланушы таңдап алған Тариф бойынша Сайттың Сервисі аясында техникалық қолдау көрсетугеміндетті.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Пайдаланушылық келісім Пайдаланушы оның шарттарын (акцептін) Сайтта тіркелу жолымен Процедурасынан (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396 б. 3 т. сәйкес, Компанияның офертін (акцептін) қабылдаған болып табылады) өту сәтінен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім бойы әрекет етеді.
7.2. Пайдаланушы ешқандай ескертусіз және алып тастаусыз Пайдаланушылық келісімнің барлық шарттарымен толық көлемде келісетінін растайды, және Пайдаланушы олардың мәнін, сондай-ақ осы келісімді бұзу жағдайында болуы ықтимал салдарларды толық түсінеді. Пайдаланушы Пайдаланушылық келісімді ол елдің азаматы немесе салық резиденті болып табылатынына қарамастан қабылдайды және ондағы барлық шарттарды орындауға міндеттенеді.
7.3. Пайдаланушы мен Компаниялар осы Пайдаланушы келісімінің аясындағы барлық өзара қарым-қатынас, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетінімен Пайдаланушы келіседі.
7.4. Осы Пайдаланушылық келісіммен реттелетін Қарым-қатынастардан туындайтын барлық ықтимал дау-дамайлар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
7.5. Осы Пайдаланушылық келісім қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде құрастырылған. Осы Пайдаланушылық келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, орысша мәтін басымдыққа ие болады.